Алматы метросында Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы аясында көрме өтті

Сурет: Instagram/bikenrimova_teatry
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актриса – Бикен Римованың туғанына 100 жыл мерейтойы аясында Талдықорған драма театры Алматы метросында жылжымалы көрме өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрмеге Бикен Римованың әр жылдары алған марапаттары, өзі қолданған заттары мен сахнаға киген костюмдері қойылған. Сондай-ақ театр және кинода сомдаған сүбелі рөлдерінен сыр шертетін жеке фотосуреті бар, делінеді Almaty.tv сюжетінде.

60 жылға жуық өмірін өнерге арнаған талантты актриса 170-тен астам рөлді сомдаған.


"Бүкіл өмірін, білгені мен түйгенін өнерге арнаған ардақты апамыз. Мінез-құлқы да, жүріс-тұрысы да, айтқан сөзі де, жазған жазуы да ұлтына, қазағына деген ұлы махаббатпен өрілген болатын. Біз көзін көрдік. Қасында жүрдік. Көр нәрсе үйрендік. Бұл кісінің салиқалы, сабырлы, бәйбішеге тән мінезі тәнті қылатын. Көрсең көзің тоятын асыл анамыз еді", – деді Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі