TikTok пен Мәдениет министрлігі Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен TikTok қысқа видеороликтерді көруге және дайындауға арналған танымал платформасы Наурыз мерекесіне орай онлайн-фестиваль өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қосымшаны пайдаланушылар #Наурыз2023 хэштегімен  ұлттық мереке, оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары туралы видеороликтер түсіреді. Челленджде TikTok-та танымал контент-мейкерлер: музыканттар, аспаздар, саяхат блогерлері және танымдық видео авторлары қатысып жатыр, деп хабарлайды 18 наурызда Мәдениет министрлігі.

  

Үздік видеороликтердің авторлары Kazakh Tourism компаниясының ұсынған жүлделерге ие болады.

Алғашқы үш орынды иеленген қатысушылар Қазақстанның ең әдемі жерлеріне сапарлай алады. Жеңімпаз 5 күнге, екінші және үшінші орын иегерлері сәйкесінше 3 күн және 1 күнге саяхатқа шығады. 

Видеоролик тақырыбы ретінде төрт бағыттың бірін таңдауға болады: тамақ, саяхат, мәдениет және музыка. 

Онлайн-фестивальдің қорытындысы, үздік видеороликтер мен байқау жеңімпаздарының есімдері 29 наурызда жарияланады. 

"Наурыз адамдарды табыстырады, онлайн-фестиваль қазақстандықтарды біріктіруге және әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көмектеседі. Қазақ мәдениеті мен тарихына арналған роликтер TikTok-та танымал болып келеді. Мысалы, #Қазақстантарихы хэштегі бойынша видеолар 100 миллионға жуық,, ал #Қазақстанмәдениеті хэштэгі – 75 миллионнан астам қаралған. Сондықтан бұл акция тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де мүмкіндігінше көп адамды қамтуға арналған", - деді ҚР МСМ ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

 


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: