Астанада сатира саңлағы Көпен Әмірбектің шығармалар жинағының тұсау кесер рәсімі өтті

Сурет: видеодан алынды
29 наурызда Ұлттық академиялық кітапхана қабырғасында жазушы-сатирик Көпен Әмірбектің шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. "Көпен келе жатыр!" атты бес томдық кітапты таныстыру шарасына белгілі қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, олардың арасында Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай, Бауыржан Омаров, Сауытбек Әбдірахманов сынды әдебиет жанашырлары бар.

Айта кетсек, белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбек 2022 жылы 9 қарашада дүниеде озды. 73 жасқа қараған шағында бақилық болған сатира саңлағын қаралы қауым туған жері - Отырарда соңғы сапарға шығарып салды. "Қазақтың Көпенімен" қоштасуға жиналған жұрттың қарасы мол болды.

"Дәмі жоқ, мәні жоқ, жыртыққа күлгенді күлкі қылып та, жұртты күлдірем деп те жүргендер бар. Бірақ Көпеннің сатирасында үлкен астар болатын, салмақ болатын. Оның біраз шығармасы бүгінгідей тәуелсіздік алған еркіндік заманында емес, Совет кезінде жазылған. Ал ол заматта саяси цензура бар еді. Соның бәрінен сыналап өткізуді, астарлап айтуды әбден меңгерген еді ол". Ақын Баянғали Әлімжанов
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты