Танымал ақын әрі жазушы Бауыржан Жақып Мұстафа Кемал Ататүрік медалімен марапатталды

Сурет: Facebook/Бауыржан Жақып
Филология ғылымдарының докторы, ақын, жазушы Бауыржан Жақып түркі дүниесінің руханиятына сіңірген еңбегі мен бауырлас елдердің мәдени байланыстарын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Мұстафа Кемал Ататүрік медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші хабармен ақынның өзі Facebook-тегі парақшасында бөлісіп, медальды Түркияның CUKUROVA Әдебиетшілер қауымдастығы табыстағанын жеткізді.


Сурет: Facebook/Бауыржан Жақып


"Әдебиетшілер қауымдастығының төрайымы Халисе Текбаш қол қойып, мөр басқан Дипломы мен Куәлігі және алтынмен апталған медаліне ие болдым. Мұны 60-жылдық мерейтойымның алдындағы жақсы ырымға баладым!", деп жазды Бауыржан Жақып желіде.
Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды