Павлодарлық ақынның екі кітабы жарық көрді

Павлодарда "Достық үйінде" Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Павлодар облысының және Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы, журналист, ақын Шолпан Байғалының 75 жас мерейтойына арналған "Ертістің ерке ақыны» атты рухани-әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеш барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова ақынға шапан жауып, облыс әкімі Асайын Байхановтың атынан Құрмет грамотасын табыстады. Сондай-ақ шара барысында ақынның "Алаштың Темірғалысы" және "Таңшолпан" атты қос кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұдан бөлек, Павлодар облысы мәслихатының депутаты Асылбек Туғанбай, ақын, жазушы Ақын Алақанұлы, Социал Әйтенов сында зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. 

Сондай-ақ, өңіріміздің жас айтыскер ақындары Мизан Жұмәлі мен Нұрбек Бәкір қайым айтыс жасаса, әнші Әсел Ботаева ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады.

Айта кетсек, Шолпан Байғалының алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7-сыныпта оқып жүргенде республикалық "Қазақстан әйелдері" журналында одан кейін облыстық "Қызыл ту", "Қазақстан пионері", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған "Ауылым", "Туған жер" деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: