Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі

Сурет: видеодан алынды
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай Астанада жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторы – Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиев, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі" атты туындыны жазуға ол 23 жыл уақытын жұмсаған. Онда ұлы тұлғаның ашылмай қалған қырлары мен еңбектері туралы жазылған. Шарада тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, қоғамда насихаттау мен тың зерттеулер жүргізу туралы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Astana.tv.

"Бұл кісінің тылсым қасиеттері - емшілігі, батагөйлігі, көріпкелдігі толық зерттелген жоқ. Сол себептен мен осы бабамызды көрген, нақты қолынан дәм татқан адам ретінде осыны қолға алдым. Бабамыздың батасымен дүниеге келген адамдардың өз аузынан естіп, осы кітапты жазып шықтым". Кітап авторы Абай Шарапиев


"Бұл еңбек Мәшһүр тануға үлес қосып оқырмандарға ықыласына ие болады деген үміттеміз. Бұл бабамыздың рухани және ғылыми мұрасы ел ішінде кеңінен таралып қоғамдық саяси және ғылыми қызмет тереңірек зерттелу қажет. Сондықтан да бұл Мәшһүр танудағы жаңа міндет, жаңа кезең болуы тиіс". "ALTYN QYRAN FOUNDATION" қоғамдық қорының төрағасы Исламбек Салжанов
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты