Қаныш Сәтбаев пайдаланған "итальяндық" баспа машинасы табылды

Сурет: pixabay
Баянауыл ауданынан геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаев қолданған баспа машина табылды. Құнды жәдігерді профессордың жерлестері көздің қарашығындай сақтап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

1926 жылы академик туған жеріне барғанда сырқаттанып қалады. Сол кезде баянауылдық фельдшер-дәрігер Лионтий Бельдининовтің үйінде жатып, емделеді. Экспонатты фельдшердің ұрпақтары табыстаған. Машина ХХ ғасырдың басында Италияда жасалған деген мәлімет бар, деп хабарлайды "Хабар 24".

Мамандардың айтуынша, бұл баспа машинасымен Қаныш Сәтбаевтің досы, жазушы Александр Черкашин бірнеше кітап жазған.


"Сол фельшердің үйінде емделген делінеді. Яғни ол кезде дәрі-дәрмекпен, қымызбен болса да солай. Сонда баспа машинкасын Қаныш Имантайұлы әкелген делінеді сол үйге ол үйге. Кейінен осы баспа машинкада Черкашиннің өзі үш кітап жазған, басқан". Әдебиет және өнер музейінің қор сақтаушысы Мейрамғали Есмұханов

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме