Қазақ сатиригінің кітабын түріктер таласа сатып алып жатыр

Сурет: Facebook/Қанағат Әбілқайыр
Түркияның Ыстамбұл қаласында дәстүрлі Үмрание кітап көрмесі өтті. Елуге жуық баспаның өнімі қойылған рухани жәрмеңкеде жазушы , сатирик Қанағат Әбілқайырдың повесі ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайыршының миллиардер досы" атты хикаят Түркияда үлкен сұранысқа ие болып, жазушыға арнайы шақырту жіберілген. 100-ге жуық қазақтың жазушысын түрік тіліне аударған Ашур Өздемір кітаптың жеңіл аударылғанын, өзектілігін, бастысы оқырманын тауып үлгергенін айтып отыр. Ащы сарказммен, уыттты тілмен өрнектелген повеске сұраныс үлкен. Бұған дейін шығармалары алты тілге аударылған Қанағат Әбілқайырдың "Қайыршының миллиардер досы" атты хикаяты таяуда ағылшын тілінде жарық көрмек. Мың данамен шыққан кітаптың тұсауы осыдан үш жыл бұрын кесілген. Түрлі жанр тоғысқан туындыны парақтай отырып, қазіргі күннің келбетін көре аласыз. Хикаятта қағанағы қарқ қалталы байлардың, әсіре астамшылығы мен қарапайым халықтың дәрменсіздігі сөз болады, деп хабарлайды КТК

"Арнайы шақырған себебі, былтыр Ашур Өздемір деген ағамыз менің «Миллиардердің қайыршы досы» деген кітабымды түрік тіліне аударған. Басылып шыққаннан кейін сұраныс жақсы болыпты. Кітап жақсы өтіпті. Насихаты жақсы болыпты. Біздегі сияқты жай ғана кітап дүкендері ғана емес, оларда кітаптарды сайттарда, біздегі интернетте сатқан сияқты сатады екен. Сол арқылы туынды жақсы өтіп жатыр, Сізді кітап көрмесіне шақырамыз деп хабарласты". Жазушы Қанағат Әбілқайыр
Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты