"Жалаңаштар" кешінде болған ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің басы дауға қалды

Сурет: Instagram/fkirkorov
Әнші Филипп Киркоров Халық әртісі атағынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік Думада ұсыныс айтылды. Дау-дамай Настя Ивлееваның ұйымдастырған кешінен кейін бұрқ еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеш қонақтарына, соның ішінде көптеген ресейлік жұлдыздарға almost naked (жалаңаш) дресс-кодын сақтау ұсынылған. Мемлекеттік Думаның Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Александр Шолохов эстрада әншісі Филипп Киркоровты Ресейдің Халық әртісі атағынан айыру идеясын қолдады. Бұл туралы "Подъем" басылымы хабарлайды.

"Менің ойымша, бұл дұрыс шешім, ал егер Киркоровтың жайына келетін болсақ, менің ойымша, бұл оның ілініп отырған алғашқы атышулы оқиғасы емес. Сондықтан бұл атақты оған беру туралы шешімнің өзі де дұрыс емес. Менің ойымша, ол ешқашан бұл атаққа лайық болмаған. Егер біз халықтан сұрастырып көретін болсақ, сол кезде бұл атаққа кім лайықты екені белгілі болады", — деді депутат.

Дума өкілі мұндай ерсі қылыққа өз еліне жанашырлық танытатын кез келген адам жол бермейтінін атап өтті.

Блогердің кеші 21 желтоқсанға қараған түні Мәскеудегі "Мутабор" клубында өткен. Кешке Филипп Киркоров, Лолита Милявская, Дима Билан, тележүргізуші Ксения Собчак және басқа ресейлік шоу-бизнес жұлдыздары қатысты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды