"Хат жазып қалдырған". Корейдің атақты актері саябақта өлі күйінде табылды

Сурет: wikimedia
Сеулдегі саябақтардың бірінде Оңтүстік Кореяның 48 жастағы атақты актері Ли Сон Гюн өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap News Agency ақпарат агенттігінің мәліметінше, ер адамның денесі көліктен табылған. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз.

Артына жазып қалдырған хатын тауып алған әйелі жұбайының жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.

Бұған дейін полиция Ли Сон Гюнға қатысты тергеу шараларын қолға алып, оны сұрақ-жауапқа қайта-қайта шақыртып отырған. Ол есірткі тұтынды деген күдікке ілінген. Алайда бұл айыптауларды актер үнемі жоққа шығарумен болған. 

Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тыйым салынған заттарды қолданған жағдайда төрт айдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға болады. 

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары оның пәтерінен хат табылғанын растады. Бірақ хат мәтіні туралы ақпарат ашып айтылмайды. 

Актердің артында әйелі мен екі ұлы қалды. 

Ол бірнеше белді марапаттарға ие әрі өнер сыншыларының жоғары бағасына ие фильмдерде басты  рөлдерді сомдаған. Соның бірі - 2020 жылы "Оскар" сыйлығын жеңіп алған "Паразиттер" фильмі. Одан бөлек өнерсүйер қауым оны "Доктор Брейн", "Ханзада" алғашқы дәмханасы", "Паста", "Пхачжу", "Менің мырзам" сынды фильмдер арқылы таниды. 

2023 жылы ол түскен тағы екі фильм Канн кинофестиваліне жол тартқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты