Пойыз ішінде күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды тәнті етті

Сурет: Zakon.kz
№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар "Turan" күйін орындап, жолаушыларды таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда жеті жас домбырашы мұғаліммен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындалған. Олар қаз-қатар отыра қалып, домбыра тартқан.

Осылайша домбырашылар вагон жолаушыларына керемет көңіл-күй сыйлаған. Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонның жолсеріктері ұсынды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды