Леонардо Ди Каприо жас қызбен көзге түсті

Сурет: Instagram/citazionidicaprio
Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо жас қызбен дүкен аралап жүрген кезінен көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tribune жазуынша, 16 жасар қыз жұлдыздың жиені, оның өгей ағасы - Адам Фарардың қызы Норманиди.

Папарацци суреттерінде қыздың қолында премиум брендтердің пакеттері мен оның риза жүзі анық көрінген.

Серуен актердің өгей ағасымен болған кезекті жанжалынан кейін орын алған.

Қоғам әулеттегі келіспеушілік туралы 2014 жылы, Адам есірткі сақтады деген айыппен қамауға алынып, Нормандиді штаттан тыс аймаққа алып кеткенде ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізілу кезінде білді.

Сол кезде Адам өзінің штаттан тыс жерге шығуына болмайтын, кәмелетке толмаған қызымен бірге жасырынған. Кейінірек қыз Ди Каприоның қамқорлығына берілген болатын.

Қазір Леонардо Ди Каприо модель Виттория Череттимен кездесіп жүр. 2023 жылы олар Канндағы серуен кезінде көзге түскен. Сол жылдың қыркүйек айында актер мен модель Ибицадағы түнгі клубта да жұртшылық назарына ілінген. Сондай-ақ, осы жылдың ақпан айында халық оларды Лос-Анджелесте бірге көрген.

"Оскар" иегері 2023 жылдың соңында Instagram-дағы парақшасында Қазақстан билігін жойылып бара жатқан ақбөкеннің популяциясының көбеюімен құттықтады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды