Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік орындарында бейнебаян түсіріп жатыр

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Әнші Димаш Құдайбергенмен бірге еліміздің туристік орындарында бейнебаян түсіруге кірісті. Жоба аясында тыңдармандарға Қазақстанның табиғи және мәдени қазыналарына арналған жаңа музыкалық композиция ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, бейнебаянның түсірілімі Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан қорық-музейі, сондай-ақ Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы және тағы да басқа еліміздегі танымал туристік орындарда өтті. Сондай-ақ жаңа туындыда Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық парктерінің керемет көріністері көрсетіледі деп күтілуде.

Жоба дарынды өнерпазымыздың жанкүйерлерін еліміздің табиғи және мәдени мұрасымен таныстыруға, сол арқылы Қазақстанның туризмін дамытуға мүмкіндік береді.

"Димаш – Қазақстан туризмінің елшісі атанауға лайықты тұлға. Көптеген адам Қазақстанды Димаш арқылы таниды", – деп атап өтті әншінің Қытайдағы фанклубы.

"Димаш бізді өнер арқылы Қазақстанмен таныстырды. Ол өзінің концерттерінде, кездесулерде бізді әрдайым Қазақстанға шақырады. Шынайы жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен Димаштың Отанына барады. Сондықтан біз биыл қыркүйекте өтетін Димаштың концертіне (Астана қаласында) келеміз", - деп пікір жазды жоба туралы жарияланымның астына Ольга Гриченко есімді тыңдарман.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі