Маңғыстау облыстық қуыршақ театры халықаралық байқауда Гран-при ұтып алды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ресейден олжалы оралды. Ұжым І "Станислав Железкин атындағы сыйлық" халықаралық қуыршақтар фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау тартысты өтті. Бірінші кезеңде әлемнің түкпір-түкпірінен келген театрлардан 68 өтінім келіп түсті. Олардың тек 12-сі екінші кезеңде өнер көрсетті. Маңғыстау театры осы іріктеуден өткендердің бірі болды. 

"Фестивальға репертуардағы үздік спектакльдердің бірі, бас режиссер Н.Насырованың "Бабалар жері" атты спектаклі ұсынылды. Бұл спектакльде актер Ержан Биғашев барлық рөлдерді өзі сомдайды. Қойылым қазақтың ұлттық философиясының тереңдігін жеткізіп, қазылар алқасын ерекше энергиясымен баурап алды және фестивальдің басты марапаты — "Үздік шетелдік спектакль" номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды".ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі

"Бабалар жері" спектаклі бірнеше рет халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған. 2022 жылы қойылым VI Халықаралық "Ассалаумағалейкум" қуыршақ театрлары фестивалінде үздік актерлік шеберлік үшін марапатталды. Ал, 2023 жылы Санкт-Петербургтегі "КУКАРТ" фестивалінде "Отан туралы үздік спектакль", "Құралайда" "Үздік режиссерлік жұмыс" және Almaty Puppet Festival-де "Үздік драматургия" номинацияларын иеленген.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған