"Бауырына салу" фильмі "Оскарға" ұсынылды

Сурет: фильмнің постері
Режиссер Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі "Оскарға" ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Фильм жақында "Тұлпар" ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне "International Feature Film" номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады.

"International Feature Film" санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі. ‎

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды