Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр

Сурет: pexels
Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериалға кастинг жүріп жатыр. Бұл туралы Karga Seven Pictures киностудиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сериалдағы рөлдерге үміткерлерден өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Кандидаттарға қойылатын басты талаптар: жасы 8 жастан 60-қа дейінгі қазақ болуы тиіс, сонымен қатар олардың Орталық Азия немесе шығыс Азиядан шыққаны және ағылшын тілін толық меңгерген болуы керек. Бұдан бөлек атқа міне алуы қажет.

Жоба әзірлеушілері сериал түсірілімін барынша Қазақстан жерінде жүргізіп, оған отандық киноиндустрия мамандары мен сарапшыларын қатыстыруға тырыспақ.

Қазіргі таңда сценарий жазу бойынша жұмыстар аяқталған. Оны әзірлеуге белгілі жазушы Джастин Поллард, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек