Төреғалидің әкесі ұлының хәліне байланысты қазақстандықтарға жүгінді

Сурет: Instagram/torealitolepov
Бірнеше күн бұрын қазақстандық әнші Төреғали Төреәли отбасындағы мәселелерге байланысты бірқатар концерттерін кейінге шегерген болатын. Осыған байланысты бүгін әншінің әкесі Төреәлі Төлепов қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 3 наурызында Төреғали елдің төрт қаласында өтетін концерттерінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді. Желідегі жазбаға сүйенсек, әнші бұл қадамға денсаулығының күрт нашарлауына байланысты мәжбүрлі түрде барып отыр.

"Соңғы күндері сіздердің жылы лебіздеріңізді, шынайы қолдауларыңызды сезіну – біз үшін үлкен қуаныш, жүрекке медеу. Алла разылығы үшін айтылған ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыз шынайы ниеттеріңізден туғаны анық. Әр сөзіңіз, әрбір жылы лебізіңіз – біздің жүрегімізге демеу, көңілімізге медет",- деп жазды әншінің әкесі.

Ол сынақ – адамға сабырмен қабылдаса, нығмет екенін атап өтті.

"Ал шынайы тілекші, қолдаушы жандардың бары – баға жетпес қазына. Сол себепті, сіздердің ықыластарыңыз үшін мың алғыс! Алла Тағала баршамызды амандықта, саулықта, қуаныш пен жақсылықта жолықтырсын! Әрбіріңізге екі дүниенің игілігін нәсіп етсін!",- деп қорытындылады ол.

Бұл ретте, әншінің жанкүйерлері ізгі лебіздерін білдіріп, Төреғалидің тез сауығып кетуін тілеуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит ережелерін өзгертті

Күрес түрлерінен Моңғолиядағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

"Тиін терапиясы" деген не

Инфляция баяулауда: Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда не арзандады

Алматыда балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасалды - видео