Ұлттық құрылтайда Аманжол Әлтай: Қазақ киносынан ұят қашып барады

Аманжол Әлтай, Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай Сурет: Facebook/Аманжол Әлтай
Бүгін Бурабайда екі күнге жалғасатын Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды. Алғашқы күндегі "Руханият. Өнер. Мәдениет" секциясының отырысында 21 құрылтай мүшесімен қатар Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай да өз пікірімен бөлісіп, бірқатар ұсынысын алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Айда Ғалымқызы Балаеваның төрағалығымен өткен "Мәдениет. Өнер. Руханият" секциясында өз тарапынан бірнеше ұсыныстарды алға тартқанын жеткізді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. Қазір ауылдардағы мәдениет ошақтарының ахуалы мәз емес екенін айтқан депутат тағы мынандай бірнеше ұсыныстарды алға тартады:

  1. Тозығы жеткен, аядай тар, ескі нысандарды сырып тастап жаңадан көпфункционалды мәдениет нысанын салу керек. Оларда міндетті түрде ән - күй үйірмелері жұмыс істегені ләзім.
  2. Бізде бірнеше аймақтарда облыс, қала, аудан атаулары бір - бірін қайталайды. Мысалы: Қостанай облысы, аудан және қала тауы бар. Осыны: Қостанай облысы, Ахмет қаласы, Міржақып ауданы десе қандай жарасымды.
  3. Сондай-ақ Астанадан "Абай орталығы" салынуы керек. Оған "Абай әлемі" ғылыми зерттеу институты мен шығармашылық одақтар топтастырылса.
  4. Жасөспірімдер телеарнасы ашылуы керек.
  5. Жылқы түлігі — ұлттың айбары, жігіттің асқақ рухы. Арғымақ — көшпелілік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі. Елімізде "Тұлпар күні" белгіленіп жан - жақты аталып өтуі қажет.
  6. Қазақ киносынан ұят қашып барады. Кинопракатқа шығарар алдында лицензия берудің талаптарын қатаңдату керек.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті 14 наурызда Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құрылтайдың 100-ден астам мүшесі түрлі талқылауларға қатысып, күннің бірінші жартысында әлеуметтік-экономикалық дамудан бастап өскелең ұрпақты тәрбиелеуге дейінгі көптеген мәселелерді қозғайтын 120 ұсыныс енгізді деп айтқанын жазғанбыз. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Саясат Нұрбектің Қазақстан тарихының көптомдығына қатысты білдірген пікірін жариялаған едік. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ұлттық құрылтайда өзінің қандай ұсыныстарды алға тартқанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады