Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентіне күтпеген тосын сый жасады

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 31 наурызда Словения Президенті Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Ресми келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды қонаққа тосын сый жасады. Белгілі болғандай, Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеннің жанкүйері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізуші әрі "PRESIDENT" жобасының авторы Әділ Балтабаев мән-жайды айтып, оқиға орнынан суреттерімен бөлісті.

Осылайша, шағын құрамдағы келіссөздер барысында Наташа Пирц-Мусар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Димаш Құдайбергеннің жанкүйері екенін мойындады.

Сурет: Telegram/baltabayev

"Мемлекет басшысы қонағын қуантты: оның кумирі шынында да салтанатты қабылдауда өнер көрсететін еді. Словения президенті қуанғаны сонша, тіпті бірнеше мәрте бұл шынымен де сүйікті әншісі ме деп сұраған", – деп жазады Балтабаев.

Сурет: Telegram/baltabayev

Әрі қарай, журналистің айтуынша, қабылдау кезінде Пирц-Мусар Димаштың қолын қысып, оның концертінде болғанын айтқан. Димаш бұл туралы естігенін айтып, мұндай ілтипатқа риза болғанын айтты.

Қазақстан
Құдайберген Димаш
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады