Төреғали Төрәлінің әкесінің желіде жариялаған видеосы көпті алаңдатып қойды

Сурет: Instagram/torealitolepov
2025 жылы 29 сәуірде белгілі әнші Төреғали Төреәлидің әкесі Instagram парақшасында ұлының жанкүйерлеріне арнап видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төреәлі Төлепов жариялаған видеода Төреғали орындайтын әннің бейнебаянынан үзінді берілген. Бірақ осы видео астында келтірілген сипаттамасындағы мына мәтін көпті ойлантып қойды:

"Аман болсақ біз бірге бола аламыз, Дұға-тілек - жаныңа дауа нағыз. "Уақыт - емші" дейді ғой дана халық, Ағайын, біз қайтадан ораламыз!"

Желіні қолданушылардың бірі бұған алаңдап, Төрешке не болғанын сұрады. Пікір қалдырушылардың бірі әншінің бүгіндері шетелде емделіп жатқанын айтқан. Әншінің әкесі бұл пікірге қатысты ештеңе айтпаған, оны жауапсыз қалдырған. Сондай-ақ видео астында Төреғалидың тезірек сауығып кетуін айтып, тілек білдіргендердің де қарасы көп.

Айта кетейік, Төреғали көптен бері әлеуметтік желіден көрінбейді. Оның Instagram-дағы соңғы жазбасы 3 наурызда жарияланған. Дәл сол кезде оның жоспарланған концерттері кейінге шегерілген болатын.

Қазақстан
Төреәлі Төреғали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды