Астаналық биші әжелер халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

Сурет: gov.kz
Астанада Нұра ауданының биші әжелерінен құралған "Қыздарай" ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық SUMMER FEST TASHKENT көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған би байқауына Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден 20-дан астам би ұжымы қатысты.

"Қыздарай" ансамблі SUMMER FEST TASHKENT байқауында "Кең дала", "Экспрессия", "Әсемдік" билерін билеп, әр жанрда да қарсыластарынан озып шықты.

"Қыздарай" ансамблі Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жанынан құрылған, оларға білікті хореограф Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.

Сурет: gov.kz

"Біздің би тобымыз – жас өнер ұжымы, құрылғанына небәрі 2 жыл болды. Аз уақыт аралығында жиырмаға жуық би қойылымын дайындадық. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 62-77 жас аралығындағы зейнеткерлері би үйірмесіне зор қызығушылық танытып қатысады, би үйренемін деген ынтасы жоғары. "Қыздарай" ансамблінің құрамы үнемі жаңарып тұрады, биші әжелеріміз әрдайым ізденіс үстінде, репертуарлары әр алуан" - деп сөзін түйіндеді ансамбльдің көркем жетекшісі Ирина Николаевна.

Айта кетсек, Алматы циркінің артистері – Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миланда өткен беделді "Lo Show Dei Record" халықаралық шоуында рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды