Әли Оқапов бала кезінде отбасымен түскен мұрағаттық суреттерін жариялады

Сурет: Instagram/aliokapov
Қазақстандық әнші Әли Оқапов 2025 жылғы 18 мамыр қарсаңында оқырмандарын бала кезіндегі мұрағаттық суреттерімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен суреттерді әншінің жұбайы, "Асыл" тобының мүшесі Ақерке Бүркітбай өзінің instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады. Көп ұзамай суреттермен Оқаповтың өзі де бөлісті. Мұрағаттық кескіндерден кішкентай Әли мен оның інісі Мәдиді, сондай-ақ Роза Рымбаева мен марқұм жолдасы Тасқын Оқаповты көруге болады.

Сурет: Instagram/akerkeburkitbay

Жуырда ағайындылар жағымды жаңалықпен бөліскен болатын. Олар Жұбаныш Жексенұлының "Өкінбе сен" әніне кавер жазып, әнге жаңа тыныс берді.

Сондай-ақ, Әли мен Мәди әнді орындауға рұқсат берген Жұбаныш Жексенұлына алғыстарын білдірді.

Жазбадағы пікірлерге сүйенсек, дуэт көпшіліктің көңілінен шыққан көрінеді.

Бұған дейін Димаштың інісінің өнері көпшілікті таңдай қақтырғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Бүркітбай Ақерке
Оқапов Әли
Рымбаева Роза

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев