"Фестиваль, дрон шоуы". Алматыда 7-8 маусымда Абай даңғылы ішінара жабылатыны ескертілді

Сурет: Telegram/Almaty Joly
Алматыда 7 және 8 маусым күндері Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді. Осыған байланысты қаладағы ірі даңғылдың кейбір учаскесі жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы AlmatyJoly Telegram арнасы жазды.

"7 және 8 маусым күні сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін The Spirit of Tengri халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін", делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жол сапарды жоспарлап алу сұралады. 

Жалпы, Алматыда демалыс күндері Ethno-world фестивалі, дрон шоуы және AY YOLA концерті өтетіні хабарланады.

Бұған дейін Астанада 2025 жылы 5 маусымда тағы бір көше учаскесі уақытша жабылғаны хабарланған

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды