Астанада тағы бір көше учаскесі уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Домалақ ана көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 20:36 Сурет: Zakon.kz
Астанада Домалақ ана көшесі бойында Қорғалжын тас жолынан Қайым Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары аясында жол жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Осыған байланысты аталған жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше,  5-6 маусым аралығында аталған учаске толығымен жабылатын болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", делінген әкімдік хабарламасында.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Алматыда бір айға Алғабастағы орталық көше жабылатыны хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: