Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойы жаңарған ғимаратта өтеді

Сурет: auezov-theatre.kz
2026 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойы тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, мерейлі маусым театрдың жаңарған ғимаратында өтеді.

1981 жылдан бері тұрған театр ғимаратында қазіргі кезде реконструкция жұмыстары басталып кетті. Жөндеу жұмыстары барысында ескі, тозығы жеткен сахна жабдықтары толық жаңартылады, заманауи жарық және дыбыс жүйелері орнатылады.

"Театр ғимараты қаладағы  сәулет және мәдениет ескерткіші болғандықтан, реконструкция кезінде оның тарихи келбеті толық сақталады. Жаңартылған театр қазіргі инклюзивті талаптарға толықтай сай болмақ. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалады. Қонақтарға қолжетімді әрі ыңғайлы бағыт-бағдар орнату үшін нақты шаралар жүргізіледі". Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ведомство реконструкция аяқталған соң М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры қайтадан өзінің тарихи құндылығы мен дәстүрін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай мәдени орталыққа айналатынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді