"Қазақстан аруы" байқауына трансгендерлер қатыспайды

Сурет: pixabay
19 маусым күні "Қазақстан аруы" сұлулық байқауын ұйымдастырушылар трансгендерлердің байқауға қатысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары байқауға трансгендерлер мен plus size (ірі пішімді) арулардың қатысатыны туралы ақпарат таратқан. Бұл желіде дау тудырды, кейіннен байқаудың ресми Instagram парақшасында мәлімет жоққа шығарылды.

"Ер адам болып дүниеге келген трансгендерлердің еліміздің басты әйелдер титулы үшін жарысуы орынсыз!" – деп жазды ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар ұлттық сұлулық байқауы жай ғана шоу емес, ол қазақ халқының нәзіктігін, даналығын және рухани құндылықтарын бейнелейтінін атап өтті.

"Шынайы сұлулық – бұл ақиқатта, әділдікте және бабаларға деген құрметте", – деп қорытындылады ұйымдастырушылар жалған ақпаратты теріске шығарған мәлімдемесінде.

Алайда plus size форматындағы арулардың қатысатыны не қатыспайтыны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді