"Тұмар - 2025" Ұлттық телевизиялық сыйлығының иегерлері анықталды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында 2025 жылы 27 маусымда Астанада "Тұмар" Ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы марапат ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен әлеуметтік бастамаларды көтерген журналистердің еңбегін бағалауға арналды.

"Биыл сыйлыққа республикалық және өңірлік жетекші телеарналардан 11 номинация бойынша 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді. Байқау жеңімпаздарына отандық телевизиялық өнер саласындағы жетістіктері үшін "Тұмар" мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай жүлде табысталады". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Хабар" агенттігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында арнайы "Тұмар-2025" сыйлығын табыстады.

Сонымен қатар арнайы сыйлық "Заң және тәртіп" қағидатын насихаттауға қосқан үлесі үшін "КТК" телеарнасына және Жеңістің 80 жылдығын кеңінен қамтығаны үшін "Еуразия Бірінші арнасына" берілді.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Тұмар - 2025" сыйлығының иегерлері:

Айта кетейік, "Тұмар" сыйлығы 2017 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерді марапаттау. Сыйлық тағайындалғаннан бері 2 200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба финалға шыққан. Ал 98 лауреат кәсіби шеберлік пен шығармашылық жетістіктің символы болған мүсіншені жеңіп алды.

Бұған дейін Алматыда БАҚ қызметкерлері марапатталғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды