"Танымай қалдық". Ерекше образдағы Димаш жанкүйерлерін тағы да тәнті етті

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген түсірілім алаңындағы жаңа бір кадрмен бөлісіп, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды. Оның сахналық образы түбегейлі өзгеріске ұшырағаны сонша кейбіреулер әншіні танымай қалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын Димаш концерттерде және бейнебаяндарда әрдайым романтикалық образда көрінсе, ал 16 шілдеде Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеода Димаш темір-сауыттағы ежелгі жауынгердің кейпіне еніпті. Оған қоса ол ежелгі қару - қылышты шебер басқара алатынын да байқатып қалды. 

"Түсірілім алаңынан сәлем", - деп жазды Димаш өзі желіге жүктеген видео астына.

Бұл жазба 30 минут ішінде 8 мыңнан астам лайық пен 700-ден астам пікірлерге ие болды.

Бұған дейін Димаштың әнін орындаған бүлдіршін желінің жұлдызына айналғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды