Мәскеу мұрағатынан қазақ халқының сирек кездесетін күйі табылды

Сурет: pexels
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі "Естек" пен Мұхит Мералыұлының әйгілі "Зәуреш" әні сақталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл құнды мұралар "Архив–2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2024 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды.

Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген.

"Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды",- деп атап өтті ведомство.

Сол жылдары "Известия" газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында:

"Қазақтар өздерімен бірге тек қазақ халқына ғана емес, баршаға жақын әрі түсінікті өнерді алып келді... Ұзақ сырлы қазақ әндерінде біз құрақтай желмен тербетілген даланың үнін естідік", – деп жазылған.

Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.

Бұған дейін Amre-нің "Интервидение" байқауынан кейін маңызды мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі