Димаштың шетелдік жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Сурет: Facebook/dimash.official.dq
Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың "Angel Love" әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, өнер иесінің Латын Америкасындағы жанкүйерлері "Latam, Voices of Love" жобасы аясында ерекше бейнебаяндарын ұсынды. Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі — "Angel Love" әнін қазақ тілінде орындады.

Әннің музыкасын – Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған.

"Көптеген қатысушылар үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды",- делінген ақпаратта.

Жобаға қатысушылардың сөзінше, бұл ән арқылы тек әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізеді.

Бұған дейін Мәскеу мұрағатынан қазақ халқының сирек кездесетін күйі табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы