Тұрсынбек Қабатовтың массаж салонында ұсталуы: шоумен алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

Сурет: Instagram/tursynbek_kabatov_resmi
Қазақстандық танымал әзілкеш, шоумен және жүргізуші Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға қатысты бейнеүндеу жасап, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрсынбек Қабатов массаж салонындағы рейдке қатысты тараған сыбыстардан кейін халыққа үндеу жасады

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовтың "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде орналасқан массаж салонында полиция рейді кезінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Кейбір сайттар "Тұрсынбек массажға барып, рейд кезінде ұсталды" деп ақпарат таратып жатыр. Бұл — жалған. Өтінемін, бұған сенбеңіздер. Мен ешқайда бармадым, еш жерде ұсталған жоқпын. Бұл — концерт алдында менің абыройымды түсіруді көздеген жандардың әрекеті шығар", – деді Қабатов 2025 жылғы 23 қыркүйекте Instagram-Stories желісінде жариялаған видеосында.

Ол тағы да таралған ақпараттың жалған екенін атап өтті.

"Мен 15 күннен бері Алматыдамын. Бір аптадай "The Voice Қазақстан" жобасында жүргізуші болдым, одан кейін екі күн Алматы қаласының туған күніне арналған шараларда болдым", – деді ол.

Сондай-ақ, шоумен "Манхэттен" деп аталатын ешқандай орынды білмейтінін айтты.

"Олардың қолында ешқандай дәлел жоқ. Жалған ақпарат таратқандарға сенбеңіздер. Кім жазса, жеке сөйлесемін", – деп түйіндеді Тұрсынбек Қабатов.

Айта кетейік, 2025 жылдың жазында Тұрсынбек Қабатовтың заңмен байланысты бір оқиғаға тап болғаны туралы ақпарат тараған. 28 маусымда Астанада ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған. Сот материалдарына сәйкес, Қабатов ұшақ бортында алкогольдік мас күйде болып, бортсеріктерге бейәдеп сөздер айтқан. Сотта ол қызмет көрсету сапасына көңілі толмағанын айтып, ескерту жасағанын жеткізген.

Қазақстан
Қабатов Тұрсынбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты