Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды

Сурет: gov.kz
Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған "Бостандық жырының бозжорғасы" атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.

Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:

  1. Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
  2. Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).

Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.

Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.

Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.

Бәйге жүлдесі төмендегідей:

Бұған дейін "Хабар" агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өткені хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды