Танымал актер Бен Аффлектің экс-жұбайы ажырасқаннан кейін өткерген қиын-қыстау күндері жайлы сыр шертті

Сурет: flickr/Todd Wawrychuk, ABC/Image Group LA
53 жастағы америкалық актриса Дженнифер Гарнер 2015 жылы актер Бен Аффлекпен ажырасқаннан кейін бастан өткерген қиындықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Marie Claire басылымының жазуынша, актриса бұл кезеңді өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі деп атаған. Оның айтуынша, ең үлкен соққыны БАҚ-тағы өсек-аяң емес, ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс тигізген.

"Ажырасу мені шынайы серіктестік пен достықтан айырды", – деп бөлісті Гарнер.

Сондай-ақ актриса сол кезеңде достары мен жақындарымен қарым-қатынасын әдейі өзгертіп, өзін қолдайтын орта қалыптастыруға тырысқанын атап өтті.

"Өмірге төзімділіктің құпиясы – қиындықтарды бірге еңсеруге көмектесетін адамдар мен қарым-қатынастарда", – деді ол.

Дженнифер Гарнер мен Бен Аффлек 2005 жылдан 2018 жылға дейін некеде болған. Олар 2015 жылы бөлек кеткенімен, бірнеше жылдан кейін ғана ресми түрде ажырасқан. Ажырасудың басты себептері ретінде актердің ішімдікке тәуелділігі мен күтуші Кристина Узуньянмен болған опасыздығы аталады. Ерлі-зайыптылардың үш ортақ баласы бар: Вайолет Энн және кәмелет жасына толмаған Серафина Роуз бен Сэмюэл. Экс-жұбайлар балаларын бірге тәрбиелеуді жалғастырып келеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды