Ресейлік тележүргізуші Маргарита Симоньян алғаш рет көпшілік алдына париксіз шықты

Сурет: Маргариты Симоньянның Telegram-арнасы
Ресейлік тележүргізуші Маргарита Симоньян жуырда онкологиялық дертпен күресіп жатқанын мойындаған болатын. Ол сүт безіне жасалған операцияны, бірнеше химиотерапия курсынан және сәулелік терапиядан өткен. Қазір ол біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Starhit басылымының жазуынша, осы уақытқа дейін Маргарита Симоньян операция мен химиотерапиядан кейін ағзасы әлсірегендіктен, адамдармен қарым-қатынасты барынша азайтуға тырысқан. Енді жанкүйерлері RT телеарнасының басшысының жағдайы жақсарғанын айтуда.

Жақында ол туған қаласына барып, салтанатты түрде "Краснодардың Құрметті тұрғыны" атағымен марапатталды. Тележүргізуші бұл сәтте толқып, марапатты табыстауға атсалысқандардың барлығына алғыс білдірді.

"Салтанат алдында қала әкіміне өмірімде түрлі мемлекеттік марапаттар алғанымды айттым. Олар өте беделді саналады. Бірақ ешқашан дәл осы куәлікті алғандағыдай ерекше, толқынысқа толы сезімдерді бастан кешірген емеспін. Кейін тағы да оқып шығамын", – деді ол сахнада сөйлеген сөзінде.

Бұл – Симоньянның алғаш рет көпшілік алдына париксіз шығуы. Бұған дейін тележүргізуші Үндістанға RT арнасының филиалын ашу рәсіміне барған кезде шашсыз түскен фотоларын жариялаған еді. Ал енді ол ресми іс-шараға да табиғи кейпінде қатысты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды