"Ағайынды Құдайбергендердің сымбатына сөз жоқ!": Димаштың жанкүйерлері жаңа "кумир" тапты

Сурет: Instagram/mansur_qudaibergen
Жас музыкант әрі мультиаспапшы Мансұр Құдайберген Instagram парақшасында жаңа фотосуреттерін жариялады. Бұл суреттер әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін ерекше қызықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 14 наурызда жарияланған суреттердің астына 19 жастағы Мансұр келесідей жазба қалдырды.

"Samgau әні сіздерге ұнағанына қуаныштымын!".

Жарияланымға алғашқылардың бірі болып Құдайбергендер әулетінің мүшелері пікір қалдырды. Олардың қатарында ағасы Димаш Құдайберген, әпкесі Раушан және әжесі Миуа бар.

Сурет: Instagram/mansur_qudaibergen

Ал Димаштың миллиондаған жанкүйерлері енді өздеріне жаңа кумир пайда болғанын айтып, Мансұрдың болашағынан зор үміт күтетіндерін жеткізді.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Испания жағалауын қазақ ауылына айналдырғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада "Болашақ ойындары – 2026" аясында фиджитал-баскетбол жарысы басталды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

31 шілдеде елдің басым бөлігі аптап ыстықтың құрсауында болады