Мерекелік демалыс күндері Роза Рымбаеваның концертінің теленұсқасы көрерменге жол тартпақ

Сурет: Instagram/rozarymbaeva
21 және 22 наурыз күндері "Еуразия" телеарнасы Роза Рымбаеваның 50 жылдық мерейтойлық концертін ұсынады, деп хабарлайы Zakon.kz.

Қазақстан эстрадасының аңызы, дара дауыс иесі Роза Рымбаева өнердегі 50 жылдық шығармашылық жолын айрықша концертпен атап өтті. Ауқымды музыкалық кештің теленұсқасы көрерменге "Еуразия" телеарнасы арқылы жол тартпақ.

"Ол – тұтас бір дәуірдің символы. Оның дауысы миллиондаған жүректі баурады. Оның әндері – ұлтымыздың мәдени коды. Музыкамен өрілген өмір шежіресі",- деп жазды телеарна ұжымы.

Концерт бағдарламасының аңдатпасы телеарна өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

"Концерт бағдарламасында әншінің бірнеше буын тыңдармандарының жүрегінен орын алған хиттері шырқалып, жаңа туындылары да орындалады. Кеш Қазақстанның үздік музыканттарының қатысуымен және "Al Jazz Symphony" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді",- деп атап өтті телеарна.

Сурет: Instagram/rozarymbaeva

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасына ие болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Рымбаева Роза

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды