Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, композитор, дирижер әрі музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай Анкара қаласында мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерейтойлық іс-шаралар ТҮРКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында ашылған көрмеден басталды. Мұнда Ахмет Жұбановтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы, ғылыми еңбектері таныстырылды. Көрменің ашылу рәсімінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Сайыт Юсуф Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасы түркі халқының музыкалық дәстүрін сақтап, келер ұрпаққа жеткізуде айрықша маңызды екенін атап өтті.

Бағдарлама аясында ғалым әрі композитордың өмірі мен өнердегі жолы туралы деректі фильм көрсетілді.

Мерейтойлық іс-шаралар Қазақстан мен Түркияның ғылым және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен өткен халықаралық дөңгелек үстел отырысымен жалғасты. Қатысушылар Ахмет Жұбановтың музыка өнері мен музыкатану ғылымының дамуына қосқан үлесін және түркі дүниесіндегі мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін талқылады.

Бағдарлама Анкара музыка және көркем өнер университетінің Музаффер Сарысөзен амфитеатры сахнасында өткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің концертімен аяқталды.

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған Анкарадағы халықаралық іс-шаралар композитордың өнердегі өнегелі жолын ұлықтап, түркі дүниесіндегі мәдени сабақтастықты одан әрі бекемдей түсті.

Бұған дейін ҚР Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өткенін, басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланғанын жазғанбыз.

Түркия
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады