Америкалық актер Винсент Пасторе қайтыс болды

Сурет: kino-teatr.ru
Америкалық актер, "Клан Сопрано" сериалында Сальваторе "Биг Пусси" Бонпенсьеро рөлін сомдаған Винсент Пасторе 80 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Deadline басылымының мәліметінше, актердің денесі 2026 жылғы 1 тамызда Нью-Йорктің Бронкс ауданындағы үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне денсаулығына байланысты себептер әсер еткен. Сот-медициналық сараптама бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ.

Винсент Пасторе 1946 жылғы 14 шілдеде Бронксте дүниеге келген. Вьетнамдағы әскери қызметін аяқтаған соң Пейс университетін тәмамдап, актерлік мансабын бастады. Әлемге танылмай тұрып ол "Даңқты жігіттер" (Goodfellas), "Карлито жолы" (Carlito's Way) және "Готти" (Gotti) фильмдерінде ойнаған.

Актерге ең үлкен танымалдықты "Клан Сопрано" сериалындағы Тони Сопраноның жақын досы әрі кейін ФБР-дың ақпарат берушісіне айналған Биг Пусси рөлі әкелді. Кейіпкердің қазасы сериалдағы ең есте қалған көріністердің бірі саналады.

Шығармашылық жолында Пасторе "Миккидің көк көздері" (Mickey Blue Eyes), "Акуланың хикаясы" (Shark Tale), "Вегастағы бойдақтар кеші" (The Hangover), "Револьвер" (Revolver) және басқа да жобаларда ойнады. Сонымен қатар ол телехикаялар мен реалити-шоуларға тұрақты қатысып тұрды.

Актердің артында қызы, күйеу баласы және немересі қалды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты

Жібек Құламбаева W100 турнирінің жеңімпазы атанды