"Дьявол носит Prada 2" фильміндегі костюмдер аукционға шығарылады

Сурет: Instagram/tdwp2
2026 жылғы 1–15 қыркүйек аралығында Нью-Йорктегі Christie’s аукцион үйінің онлайн алаңында "Дьявол носит Prada 2" фильмінде пайдаланылған киімдер мен аксессуарлар сатылымға қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аукцион үйінің ресми сайты мен фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасының мәліметінше, саудаға 2006 жылы жарық көрген алғашқы фильмдегі ерекше әрі есте қалған бұйымдар да шығарылған. Аукционның басты лоты – алғашқы бөлімде Энди Сакс киген J.Crew брендінің көгілдір жемпірі. Оның бастапқы бағасы небәрі 100–200 АҚШ доллары көлемінде белгіленген.

Сурет: aeworld

Сондай-ақ аукционға Мэрил Стрип, Стэнли Туччи, Симона Эшли және Люси Лю сомдаған кейіпкерлердің фильмде киген сәнді киімдері қойылады.

Бұдан бөлек, әнші Леди Гаганың "Runway" бейнебаянында киген қауырсынмен безендірілген, күләпарасы бар барқыт көйлегі де сатылымға шығарылады.

Сурет: aeworld

"Бұл онлайн-аукционды "Дьявол носит Prada 2" фильмінің жұлдызы Мэрил Стрип ұсынды", – делінген Christie’s аукцион үйінің хабарламасында.

Бұған дейін Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда екенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады