Алматылық тұрғын Канье Уэсттің концертіне дайындық барысын балконынан көрсетіп, желі жұлдызына айналды

Фото: pexels
Алматыда өтетін Каньэ Уесттің үлкен концертіне санаулы сағат қалды. Ал орталық стадионға қарама-қарсы тұратын алматылық тұрғын концертке дайындық барысын желіде жариялап, әлеуметтік желі қолданушылараның назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концертке дайындық жұмыстары шынымен де ерекше жүріп жатыр. Шоудың басты элементтерінің бірі – стадионның ортасында орналасқан, Жер планетасына ұқсас алып айналмалы шар. Сонымен қатар сахна қою қара немесе көз шағылыстартын ақ жарықпен көмкеріліп, әртіс көлеңкеде немесе алып LED-экрандар аясында силуэт түрінде көрінеді.

Алматылық тұрғын алғашқы видеосын 10 тамызда жариялаған.

"Концертке дайындық қызу жүріп жатыр", – деп қысқа ғана жазған ол.

Келесі күні сахна құрылымы толықтай дерлік дайын болғанын көрсететін тағы бір видеомен бөлісті.

Кейін ол дайындық барысын музыкамен сүйемелдеп, жаңа кадрлар жариялаған.

Бірнеше күннен кейін өзін "тілші" деп әзілдеген автор оқырмандарының алдында жауапкершілік сезінетінін айтып, концерт алаңынан кезекті видеоларды көрсетті.

Бұл жазбалар Алматы тұрғындарының арасында үлкен қызығушылық тудырды. Желі қолданушылары автордан концерт кезінде үйде болып, тікелей эфир жүргізуін сұрай бастаған. Кейбірі тіпті балконнан концерт көруге рұқсат сұраса, енді бірі пәтердің сатылымда бар-жоғын әзілмен сұраған.

Осылайша алматылық тұрғынның балконнан түсірген кадрлері концерттен бұрын қызу талқыға түсіп кетті. Желі қолданушылары Канье Уэсттің шоуын дәл осы балконнан тамашалайтын "VIP орындарға" қызығушылық танытып отыр.

Бұған дейін әкімдік өкілдері жанкүйерлерге концерт аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік пен қосымша автобустар ұйымдастырылатынын да хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы
Уэст Канье

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін