Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілді

Сурет: wikimedia/Peter Hutchins
Америкалық рэпер Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға шегерілді. Бастапқыда аталған концерт 14 тамызға жоспарланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрермендер Алматыдағы Орталық стадионда концертті ұйымдастырушылардың хабарландыру жариялап жатқан сәтін видеоға түсіріп алды.

"Шоу ертеңге, бүгінгідей белгіленген уақытқа шегеріледі. Өкінішке қарай, стадионды босатуларыңызды сұраймыз. Сіздерді ертең, дәл осы уақытта күтеміз. Рақмет", – дейді ұйымдастырушылар.

Концерттің не себепті бір күнге кейінге шегерілгені, әзірге нақтыланған жоқ.

Бұл ретте бұрын сатып алынған билеттер жарамды және қайта айырбастауды қажет етпейді.

Уэсттің (YE) Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні туралы 17 шілдеде белгілі болған еді. Ұйымдастырушылар ауқымды концерт үшін қалаға 100 тоннадан астам жабдық (шамамен 15 жүк көлігі) алдыртылып жатқанын хабарлаған болатын. Сахна әлемдік турдың басқа шоуларындағыдай алып айналмалы сферамен жабдықталады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды