Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ғалым Сүлейменнің қазасына байланысты көңіл білдірді

Сурет: t.me/madenietaqparat
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист, спорт комментаторы Ғалым Қамашұлы Сүлейменнің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалым Қамашұлы еңбек жолын 1994 жылы "Өркен-Горизонт" газетінде бастап, 1996-2004 жылдары "Egemen Qazaqstan" газетінде спорт шолушысы қызметін атқарды. 2004 жылы "Sports&kz" газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Кейін "Aiqyn" республикалық газетінде еңбек етіп, "Берен" спорт журналының жұмысына атсалысты.

Өмірінің соңына дейін "Egemen Qazaqstan" газетінде журналистік қызметін жалғастырып, YouTube желісіндегі «Берен/Beren live» арнасы арқылы отандық спортты кеңінен насихаттады. Сондай-ақ қазақ телевизиясында көптеген спорттық жарысты жүргізіп, кәсіби комментатор ретінде көпшілікке танылды.

"Ғалым Қамашұлының қазақ спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі лайықты бағаланды. Ол Қазақстан Республикасы президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының стипендиаты, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты болды. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ғалым Қамашұлының жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыры мен өнегелі еңбек жолы халық жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!", делінген құзырлы министрліктің көңіл айту хабарламасында.

Бұған дейін қазақстандық белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен 51 жасына қараған шағында өмірден өткені хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды