Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

Сурет: adebiportal.kz
Сенбіде вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев ұсынылған еңбектердің қоғамдағы талқылану барысы туралы баяндама жасады.

Зиялы қауымның беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, театр, музыка және бейнелеу өнері салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен 7 жұмысты қарады.

"Комиссия дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылған туындыларға қатысты ортақ келісімге келе алмады. Сондай-ақ отырыс барысында аталған комиссия қызметін жетілдіру, атап айтқанда, жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды. Осылайша, биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының атауы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы деп өзгертілген болатын.

Бұған дейін Ақордада Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткені хабарланған.

Қазақстан
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша