Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Сурет: Instagram/zhazushylar_odagy
Белгілі айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Жазушылар одағының мәліметінше, Надежда Лушникова 1940 жылғы 22 қарашада Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1961 жылы Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищені, ал 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ бөлімінде оқып, филология факультетін тәмамдаған.

Надежда Лушникова өлең жазып, ақындар айтысына қатысқан. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтыста өнер көрсетіп, жүлдегер атанған. Оның шымкенттік ақын Қалдыбек Әлікұловпен айтысы таспаға түсіріліп, режиссер Т. Дүйсебаевтың "Айтыс" фильміне енген.

Ақын 1965 және 1978 жылдары Жамбыл ауданында өткен аудандық айтыстарға, сондай-ақ 1977 және 1979 жылдары Алматы облысында ұйымдастырылған облыстық айтыстарға қатысып, жеңімпаз атанған.

1963-1985 жылдар аралығында Надежда Лушникова газетте әдеби қызметкер, баспада редактор және мұғалім болып жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы музейді басқарған.

Ақынның алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық "Ленин жолы" газетінде жарық көрген. Кейін "Елім менің" (1962) және "Көңіл хошы" (1970) атты жыр жинақтары басылып шыққан. Соңғы жинағы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығына ие болған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 7 қарашада миллиондаған көрерменге "Калина красная", "Печки-лавочки" және "12 стульев" фильмдері арқылы танылған РКФСР халық әртісі Лидия Федосеева-Шукшина 89 жасында өмірден озды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды