Ералы Тоғжанов бетперде тағу неліктен әлі де өзекті екенін түсіндірді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай көшеде маска тақпауға мүмкіндік беріп отыр. Бірақ әлі де ғимарат ішінде маска режимін сақтау ұсынылатынын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Коронавирус бүгінде бақылауда. Біз бірінші кезекте кәсіпкерлерге барынша жағдай жасадық. Бүгінде Қазақстанда коронавирустың өсуіне алаңдаушылық жоқ деп болжауға болады. Сондықтан біз талаптарды да барынша азайттық.Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов бүгінгі эпидемиологиялық жағдай көшеде маска тақпауға мүмкіндік беретінін, бірақ әлі де ғимарат, кеңістік ішінде маска тағу режимін сақтау ұсынылатынын айтты.

Сонымен қатар ол бүгінде 30-дан астам елде коронавирусты жұқтырудың белгілі бір өсімі байқалатынын, бірақ үкімет осы жағдайға байланысты әзірше ешқандай шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ екенін айтты.

Тоғжанов Ералы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек