Талғарлық бес жасар балада менингит. Санитар дәрігерлер түсініктеме берді

Алматы облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Талғарда бес жасар баладан тіркелген менингококк инфекциясы оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 2017 жылы туған қыз ауыр халде жеткізілді.Талғар ауданының бас санитар дәрігері Бексұлтан Успанов

Talgarnewskz хабарлағандай, қыз екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, ата-анасы кеш жүгінген. Дегенмен дәрігерлер қызды аман алып қалған. Бала жансақтау бөлімінен ауыстырылған, жағдайы қалыпты.

Отбасында үш адам бар. Бұл ауру жұқпалы болғандықтан барлық байланыста болған адамдар бақылауда.Бексұлтан Успанов

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгініп, онда 7 сәуірде Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан менингококк инфекциясының бір жағдайы тіркелгені туралы шұғыл хабарлама келгенін атап өтті.

Бала төрт жаста, Талғар ауданында тұрады, балабақшаның үлкен тобының тәрбиеленушісі. Ауырған күні – 5 сәуір. Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған күні – 7 сәуір.Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі

Бөлім мамандары науқастың ауру ошағы болуы мүмкін тұрғылықты жері мен балабақшада эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті.

Барлығы ЛОР дәрігеріне қаралды, бактериологиялық тексеруден өтті, зерттеу нәтижесі тексеріліп жатыр. Антибиотикалық профилактика тағайындалды. Байланыстағы адамдар дәрігерлердің бақылауында.Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі

Еске салайық, 2018 жылы Талғар ауданында 20 жастағы бойжеткен менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Ол кеш жүгінгендіктен аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: