Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Сурет: pixabay
28 сәуір – Жедел және медициналық көмек қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Күн сайын келіп түскен шақыруларға жауап ретінде 1 482 жедел медициналық көмек бригадасы шығады, оның ішінде 281-і мамандандырылған (дәрігерлік) және 1201-і фельдшерлік, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл сайын жедел және медициналық көмек қызметіне 8 миллионнан астам шақырту түседі. Қажетті көмекті уақытылы және сапалы көрсету үшін 21 447 қызметкер тартылды.

Қазір жедел медициналық жәрдем қызметі 18 дербес станциядан тұрады. Оның иелігінде жетілдірілген дизайндағы санитариялық автокөліктің 2 282 бірлігі бар, медициналық жабдықпен жарақтану деңгейі 97% – ды, GPS навигациясымен - 100%-ды құрайды.

Жедел және медициналық көмек қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – денсаулық сақтаудың осындай ең жауапты бағыттарының бірі өкілдерінің еңбегіне лайықты құрмет көрсету күні, медицина қызметкерлеріне олардың кәсібилігі, батылдығы, шыдамдылығы мен мейірімділігі үшін алғыс айту күні.

Жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеу – денсаулық сақтау саласындағы ең күрделі жұмыстардың бірі. Ол жоғары біліктілікті, ұстамдылықты және жан-тәнімен берілуді, кез келген жағдайда және кез келген ауа райында оған мұқтаж барлық адамдарға медициналық көмек көрсетуге ұдайы дайындықты талап етеді. Жедел жәрдем қызметкерлері әр минут сайын тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Құрметті әріптестер, мерекелеріңіз құтты болсын!Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді