Сарапшы COVID-19-дың жаңа толқыны туралы: Вирус жалпы әлсіреді

Сурет: pixabay
Н.Ф. Гамалея атындағы Ресей ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы бас ғылыми қызметкері Анатолий Альштейн Еуропа мен Америкада сырқаттың өршуіне коронавирустың «омикрон штамының» жаңа мутациялары себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сырқат алдыңғыларына қарағанда жақсырақ көбейетін «омикронның» жаңа нұсқаларына байланысты таралып жатыр. Бұл енді BA.2 емес, BA.3, 4, 5. Әлемде күн сайын 700-800 мың адам ауырады, – деп келтірді сарапшының сөзін iz.ru сайты.

Альтштейннің айтуынша, қаңтардың аяғы мен ақпанда көптеген елдерде коронавирусқа қатысты жағдай нашарлады, ол кезде «омикрон» өршіп кетті. Содан кейін сырқаттанушылар саны азайды, содан кейін осы штамның жаңа түрі – BA.2-нің салдарынан қайта өсе бастады.

Қазір әлем індеттің тағы бір өршу сатысында – бірақ ол аз ғана болады деп ойлаймын. Жалпы вирус әлсіреді. Менің ойымша, жыл соңына дейін коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмен болады. Анатолий Альштейн
Ресей
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты