Испаниялық науқас Алматыға Қазақстанның танымал туристік бағыттары бойынша саяхаттау үшін Мадридтен ұшып келгенін айтты.
Ұшақта мойным ауырды, күрт бозарып, қайта-қайта құса бердім. Сонан соң сол қол мен сол аяғым әлсізденді. Алматы әуежайына қонғанда мені жедел жәрдем дәрігерлері күтіп алды. Фернандо Боделон
№4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері қабылдау бөліміне жеткенде Испаниядан келген қонақтың жағдайы ауыр болғанын айтты. Басына жасалған КТ ми қан айналымының бұзылғанын және ісінгенін көрсетті. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Туристке өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота қажет болды.Бұл іске нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков, ассистент Эльдар Бесенов және анестезиолог Маржан Мусина кірісті. Операция 60 минутқа созылып, сәтті аяқталды, дәрігерлер қан айналымын қалпына келтіре алды.
Мидағы ісікке дренаж жасадық. Операциядан кейінгі кезең тұрақты ауыр болды, науқастың беті бері қарады. Стационарда ем алған Фернандо жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.№4 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-нейрохирург дәрігері Алдоңғар Айсаутов
№4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтары шетелдік қонақтың өмірі үшін 27 күн бойы күресті.
Жазылғаннан кейін Фернандо Боделон бірден Испанияға оралды, онда ол оңалту курсынан өтеді. Болашақта турист өзі бастаған сапарын жалғастырып, екінші рет өмір сыйлаған Қазақстанға тағы оралуды жоспарлап отыр.