Облыстық жол полициясының мәліметінше, тас жолда автобус пен МАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Оқиға кезінде автобуста 11 жолаушы болған.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.Қарағанды облысы Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер "Қазақмыс" компаниясының қызметкерлерін медициналық тексеруден қайтып келе жатқан.
Министрлік мезгілсіз қайтыс болған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысында қаза болған дәрігерлердің отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.